29 маусым 2019 11:19

Прокуратура 30 маусымда болатын митингіде заң бұзбауға шақырды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарын митингілер кезінде заңды сақтауға шақырды, - деп хабарлайдs Tengrinews.kz тілшісі.


Прокуратура Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарын митингілер кезінде заңды сақтауға шақырды, - деп хабарлайдs Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін екі қала әкімдіктері 30 маусымда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген.

Прокуратурадағылардың хабарлауынша, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" заңның 4-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органымен 2019 жылғы 30 маусымда бейбіт митингілерді бұрын белгіленген орындарда өткізуге рұқсат берілген.

"Прокуратура туралы" Заңның 32-бабына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқығын қорғау мақсатында заң өкілдері келесіні түсіндіреді.

Конституцияның 34-бабына сай әркім Қазақстан Республикасының Негізгі заңы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес ұйымдастырушы аталған митингінің және оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiлуін қамтамасыз етуі қажет.

Бұл ретте ұйымдастырушылар мен қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi, сондай-ақ оларға:

- көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

- инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

- жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

- жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

- өзiмен бiрге суық, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

- іс-шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

Заңның 7-бабы бойынша бұқаралық іс-шараларды темiр жол, су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

Митингілер өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, оларды өткізу тәртібі бұзылған болса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда Заңның 8-бабында бекітілген жергілікті атқарушы орган өкілінің талабы бойынша тоқтатылуға тиіс.

Аталған заңды талаптарды орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдарымен оларды тоқтату бойынша шаралар қабылданады.

Заңның келтірілген нормаларын бұзғаны үшін заңнамаға сәйкес жауаптылық (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы немесе айтарлықтай залал келтірген жағдайда Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша) көзделген. 

Мазмұндалғанның негізінде, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорданың тұрғындары мен қонақтарын көрсетілген бейбіт митингілерге қатысу кезінде  Конституция мен Заң нормаларының талаптарын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылық шақыруларға ермеуге, құқық бұзушылықтар жасамауға шақырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети