13 ақпан 2014 | 13:35

Прокуратура 400-ге жуық жұмысшының құқын қорғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Астанада "Қазсевавтодор" серіктестігі 395 жұмысшының жалақысын уақытында бермеген, жұмысшылардың жалақысы прокурорлардың араласуымен төленді деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап. Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасының тексерісі кезінде компанияның өз жұмысшыларына 124 млн 371 мың 380 теңге қарыз болғаны анықталды. Серіктестік 395 жұмысшының жалақысын уақытында төлемеген. Прокурорлар жалақыны төлеу жөнінде ұйғарым келтіріп, оны мәжбүрлі түрде орындау туралы қаулы шығарды. Сөйтіп, жол құрылысшыларына қарыз жалақы түгел қайтарылды. "Прокурорлық әрекет ету шараларының нәтижесінде кәсіпорын басшылығы заңда белгіленген әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. Айта кетейік, "Қазсевавтодор" кәсіпорнының жұмысшыларға жалақыны уақытылы төлемеуі бірінші рет анықталып отырған жоқ. 2011 жылдың мамыр айында осы кәсіпорынның Қызылорда облысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін салып жатқан 100-ге жуық жұмысшысы бірнеше ай бойы еңбекақы алмағанын айтып, ереуілге шыққан еді. Сол кезде Шиелі аудандық прокуратурасы серіктестіктің басшысын әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети