08 қыркүйек 2020 | 13:56

Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға жеткізуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжаркын Тұрлыбай. © vk.com Ақжаркын Тұрлыбай. © vk.com

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға оралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға оралуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақжарқын бойынша. Бүгінде, бізде бар мәліметтер бойынша, Ақжарқынға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Бізде Қытаймен сотталған азаматтарымызды беру туралы екіжақты шарт бар. Бірінші шарт - оның Қазақстанда жазасын өтегісі келетіні туралы жазбаша өтініші болуы керек. Осыдан кейін дайын және ратификацияланған шарттарымызға сәйкес, біз Қытай Халық Республикасына оның жіберілуі мүмкін екендігі жайлы хабарлама жібереміз.

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Біз қандай санкция қарастырылғанын көреміз .Бізде де осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.  Егер, шын мәнінде, оның әрекеті шартқа сәйкес келетін болса, бізде оны экстрадициялауға толық мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын", - деді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың өзі жазасын Қазақстанда өтегісі келетіні туралы өтініш қалдырмаған.

Мұның алдында Қытай сотының Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін өзгеріссіз қалдырғаны хабарланған болатын. "2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу сотында Ақжарқынға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Қорғаушы тарап сот үкіміне шағым жасады. Алайда апелляциялық сот үкімін өзгеріссіз қалдырды", - деген еді Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанжоу әуежайында ұсталған болатын. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети