Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы Bek Air ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл дерек Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі "Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын
бұзу" бойынша тіркелді. Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне берілді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ бортында 121 адам болған, олардың 116-сы жолаушылар, бесеуі экипаж мүшелері. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл ұшақтың пилоттары мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы мүмкін.