31 қаңтар 2014 | 14:01

Прокуратура кеншілер ереуіліне байланысты тексеріс жүргізуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артемьев кеніші жұмысшыларының ереуілі. ©ИЦ ВКО Артемьев кеніші жұмысшыларының ереуілі. ©ИЦ ВКО

Прокуратура «Қазақмыс корпорациясына» қарасты Артемьев кенішіндегі жұмысшылардың наразылығына қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шығыс Қазақстан облысындағы кеншілер ереуілі 30 қаңтар күні аяқталған. "Қазіргі таңда келіп түскен шағымдар бойынша облыс прокуратурасы еңбек заңнамасының қолданылуы, өндірістік қауіпсіздік туралы, еңбекті қорғау туралы заңнаманың қолданылуына тексеру тағайындады. Мұны қадағалауға алуға тек прокуратура емес, уәкілетті органдардың өкілдері де тартылды", - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, ШҚО-ның кен орнындағы ереуілден кейін облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен жұмыс тобын құруға шешім қабылданды. "Бұл жұмыс тобының құрамына кәсіподақ, қадағалаушы орган (прокуратура), жергілікті атқарушы билік және БАҚ құралдары, сонымен бірге еңбек дауына қатысқандар мен жұмыс берушілердің өкілдері енді. Мұны біз еңбек дауына қатысты мәселелердің бәрі әділ шешілсін деген ниетпен жасап отырмыз",- дейді кеншілермен кездесуге келген ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев. Еске сала кетейік, ШҚО кеншілер ереуілі 30 қаңтар күні таңертең басталған болатын. Түнгі ауысымнан кейін 108 кенші шахтадан шығудан бас тартқан. Оларға кейіннен күндізгі ауысымдағы 230 жұмысшы да қосылған. Кеншілер жалақының көбеюін, жұмыс кестесінің, еңбек шарттарының өзгертілуін, сыйақы төленуін талап еткен. Ушыққан жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық прокуратура, "Қазақмыс корпорациясының" Басқарма төрағасы Эдуард Огай келген. Келіссөздер жүргізілгеннен кейін ереуіл аяқталып, барлық шахташылар төбеге көтерілген. Кеншілер өз жұмысына қайта кірісті.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети