Прокуратура Қытай дөкейлеріне тұрмысқа шығуды ұсынған агенттік алдындағы наразылыққа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура Қытай дөкейлеріне тұрмысқа шығуды ұсынған агенттік алдындағы наразылыққа қатысты пікір білдірді © Informburo.kz

Астана қаласының "Алматы" ауданының прокуратурасы GIMENEY неке агенттігінің алдында қазақстандық қыздардың қытайларға тұрмысқа шығуына қарсы наразылық акциясы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының "Алматы" ауданының прокуратурасы GIMENEY неке агенттігінің алдында қазақстандық қыздардың қытайларға тұрмысқа шығуына қарсы наразылық акциясы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратураның мәліметі бойынша, 11 қаңтарда сағат 11:30 шамасында Республика даңғылындағы "Индира и К" бизнес орталығының аумағында 20 адам жиналып, GIMENEY агенттігінің қызметіне наразылығын білдірген. "Бұл факт бойынша ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлері аталған орынға барды. Бизнес орталық жетекшілігі тарапынан арыз түспегендіктен, құқық қорғау органдарының міндеті - болуы мүмкін делінген заңбұзушылықтың алдын алу еді", - делінген хабарламада. 

Аудан прокуратурасының өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарға компания кеңсесіне кіру ұсынылды. Мұнда неке агенттігінің жетекшілігі баспасөз мәслихатын өткізді. Мәслихат аяқталысымен жиналғандардың барлығы тарады. 

"Астана қаласының әкімдігіне көрсетілген мекенжай бойынша наразылық акциясын өткізуге рұқсат беру туралы өтініш түспегенін қосымша хабарлаймыз", - деп жауап берді прокуратура өкілдері. 

Еске салайық, Бейжіңнен келетін байлармен танысу үшін қазақстандық әйелдер мен қыздарды шақыру халық наразылығын туғызған болатын. Мұндай хабарлама Facebook желісіндегі "Доска объявлений Алматы, Астана"  парақшасында жарияланды. 11 қаңтарда неке агенттігінің алдында наразылық шарасы өтіп, жиналғандар қазақ қыздарының қытайларға тұрмысқа шығуына тыйым салуды талап еткен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети