"Курицы Алматы" тобы азаматтардың ар-намысын қорлайтын мәліметтер жариялаған жағдайда арыз түскен болса қажетті шаралар қолданылады. Бұл туралы Алматы қаласының Алмалы аудандық прокуратурасының Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жолдаған жауабында айтылады.

"Курицы Алматы" тобы таяудан бері қыздардың интим өмірі жайлы мәліметтер жариялауды бастаған. Бұл жолы олар мессенджерде арна ашты. Топ ұйымдастырушылары қолданушыларға арнада жарияланатын қыздардың суреттері мен бастан кешірген оқиғаларын жазуға шақырады.
Өз кезегінде құзырлы органдар 2017 жылы Алмалы аудандық прокуратурасы мен ІІБ қызметкерлері "Курицы Алматы" тобының әрекетіне наразылық білдіріп, арыз жазған адамдардың тіркелмегендігін жазды.
Сонымен қатар, 2016 жылы Алмалы аудандық прокуратурасының бастамасымен "Курицы Алматы", "Курицы 18+" сайттарын жабу туралы сотқа арыз берген болатын. Сот бұл арызды мақұлдады.
"Азаматтардың ар-намысын қорлайтын мәліметтерге арыз түскен болса, қажетті шаралар қолданылады", - деді ведомстводағылар.