Прокурор Астанада банкті басып алған Мурадовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Астанада банкті басып алған Мурадовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокурор Астанада Kaspi Bank-тегі адамдарды кепілге алу ісі бойынша Әлихан Мурадовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Астанада Kaspi Bank-тегі адамдарды кепілге алу ісі бойынша Әлихан Мурадовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор Раушан Ақшураева соттан Әлихан Мурадовты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Мурадов жазасын орташа режимдегі колонияда өтеуі керек.

Жәбірленушілер талап етілген мерзіммен келісті.

Еске салайық, бұған дейін Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше қызметкерді кепілге алғаны хабарланған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кейін Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, кепілге алынғандар арасында банкке келушілер жоқ.

Ішкі істер министрлігі өкілдері Kaspi Bank-те неше адам кепілде отырғанын мәлімдеді. Кейінірек ер адам 7 адамды кепілге алғаны белгілі болды.

"Ер адамның оқ өтпейтін жилет кигені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз. Әскери қызметкерлер арнайы операцияға қатысқан жоқ. Біз азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІМ өкілдері.

Кейін кепілге алынғандардың сыртқа шығарылғаны, оқиға орнына қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келгені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети