04 сәуір 2024 | 16:46

Прокурор Бишімбаевтан неге жасанды әрекет жасағанын сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыс барысында прокурорлар Қуандық Бишімбаевтан жауап алуға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыс барысында прокурорлар Қуандық Бишімбаевтан жауап алуға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбеков Бишімбаевтан қамауға алынғаннан кейін өзіне қол жұмсау әрекеті болды ма деп сұрады, оған айыпталушы оң жауап берді.

"Құрметті сот, құрметті алқабилер, Бишімбаев қамауға алынған сәттен бастап бес ай бойы мен өзім процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторы камераларында орнатылған бейнебақылау камерасын бақыладым. Сенсеңіздер, бес ай ішінде бірде-бір рет өзіңізге зиян тигізуге тырысқан жоқсыз. Неге сол күні куәгердің көзінше өзіңізге қол жұмсамақ болғандай жасанды әрекет жасадыңыз?", - деп сұрады мемлекеттік айыптаушы.

Еске салайық, бұған дейін іс бойынша куәгерлердің бірі 9 қарашада кешкісін Салтанат Нүкенованың өілімі белгілі болған кезде Бишімбаевтың қолында пышақ болғанын, оның дәретханаға қарай кеткенін айтқан болатын.

"Мен мұны сіз камерадан көріп, сосын мені тоқтатсын деп жасаған жоқпын немесе тергеу изоляторы қызметкерлері. Мен мұны жасасам нақыт болғанын, оны ешкім анықтамайтындай етіп жасауға тырыстым. Сондықтан, сіз оны көрген жоқсыз", - деп жауап берді Бишімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети