25 ақпан 2021 | 13:13

Прокурор мен адвокатты теңестіру: Тоқаев депутаттарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сот процесінде прокурорлар мен адвокаттарды теңестіру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сот процесінде прокурорлар мен адвокаттарды теңестіру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мықты, тәуелсіз адвокаттық қызметсіз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес. Мемлекеттік аппараттың тиімдігі көбіне адамдар мен кәсіпорындардың құқықтары мен мүдделерін кәсіби қорғауға мүмкіндік жасаумен байланысты. Елдегі кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділік деңгейі де осыған байланысты. Сондықтан бұл жерде адвокаттардың рөлін асыра бағалап жіберу қиын", - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Ол адвокаттардың проблемасын құқық қорғаушы Айман Омарова бірнеше рет көтергенін еске алды.

"Ұлттық кеңес мүшелерінің көп бастамасы "Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрініс тапты. Мысалы, кәсіби этиканы, заң жөнінде көмек көрсету қағидаттарын сақтамауға байланысты адвокаттарды өмір бойына лицензиядан айыру туралы норманы алып тастау жөніндегі ұсынысты атап өтуге болады.

Сот процесінде прокурор мен адвокатты теңестіру жөніндегі новеллалар ерекше назарға лайық. Парламент мүшелеріне заң жобасын қарау кезінде осы ұсыныстарды назарға алуды сұраймын", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети