01 сәуір 2024 | 17:00

Прокурор мен Бишімбаевтың адвокаты сотта сөзге келіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында прокурор мен сотталушының адвокаты арасында дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында прокурор мен сотталушының адвокаты арасында дау туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуандық Бишімбаев куәлік беру кезінде Салтанат Нүкенова отбасында болған мәселелердің егжей-тегжейін бөліскенін, әкесінің психикалық ауытқуы бар екенін айтқанын жеткізді. Сотталушы Нүкенованың мінез-құлқында да тұрақсыз психикалық жағдайдың белгілері бар деп мәлімдеді.

Осы кезде прокурор Айжан Аймағанова қарсылық білдірді. Бишімбаевтың адвокаттарының бірі мемайыптаушымен сөзге келіп қалды.

"Сотталушыға куәлік беруге мүмкіндік беріңіз", - деді қорғаушы.

"Біз кедергі болып тұрған жоқпыз. Куәлік беріңіз", - деп жауап берді прокурор.

Жанжалға судья Айжан Кулбаева араласып, процеске қатысушыларға ескерту жасады.

"Бір минут! Сот залында сабыр сақтаңыздар. Мен 345, 346-баптардың талабын тағы бір рет атап өткім келеді және сот отырысының тәртібін барлық тарап қамтамасыз етуі тиіс екенін сот отырысына қатысқандардың бәріне ескертемін. Сотқа ғана емес, процестің басқа қатысушыларына да құрмет көрсету қажет. Сондықтан бір-біріңіздің сөзін бөліп, қарсы тараптың уәжін үзудің қажеті жоқ", - деді Кулбаева.

Кейін прокурор соталды тергеу барысында Бишімбаевтың бес рет куәлік беруден бас тартқанын еске салды.

"Құрметті сот, алқабилер түсінуі үшін айтып өтейінші. Бишімбаев сотқа дейінгі кезеңде бұл туралы айттым дейді. Ол бұл туралы қашан айтты? Бес рет сіз (Бишімбаев - еск.) куәлік беруден бас тарттыңыз. Бес рет, құрметті сот. Ол бұл туралы қашан айтты? Құрметті алқабилерді адастырмасын. Оның қазір айтып жатқан түсініктемелеріне тағы да қарсылық білдіремін. Істің мән-жайы бойынша куәлік берсін", - деді Айжан Аймағанова.

Қуандық Бишімбаев Салтанаттың әкесіне қатысты берген айғақтары соталды тергеу материалдарында бар деп сендірді. Бұған жауап ретінде зардап шеккен тараптың адвокаттары сотқа Салтанат Нүкенованың әкесінің психикалық жағдайы туралы анықтама берді. Құжатқа сәйкес, Бишімбаевтың сөзі расталмады: ер адам психиатрда есепте тұрмаған. Қорғаушылар анықтаманы іс материалдарына тіркеп, алқабилерге көрсетуді сұрады.

Бұл ретте судья Айжан Кулбаева қатты сөйлегені үшін прокурорға ескерту жасады.

"Сот айыпталушымен сөзге келіп, бап талабын ұмытып кеткені үшін айыптаушы тарапқа ескрерту жасайды. Прокурор іс бойынша төрағалық етушіге өтініш білдіруі керек, содан кейін сот тиісті шараларды қолданады. Бұл біріншіден. Екіншіден, сот дауыс көтеруге қатысты ескерту жасайды. Бұл - сот залы. Сіз айғайға көшіп барасыз. Сабыр сақтаңыздар, айыптаушы тарап", - деді Кулбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети