Прокурор Шерзат ісі бойынша куәгер қыздар туралы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Шерзат ісі бойынша куәгер қыздар туралы мәлімдеме жасады видео кадры

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот жарыссөзі кезінде мемлекеттік айыптаушы қылмыс орнында болған, бірақ іс бойынша куәгер деп танылған екі қызға қатысты деректерді қайта тексеруді сұрады. Прокурордың сөзінше, Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді сотты әдейі адастырған.

Прокурор Дана Сәрсенбай айғақтар беру кезінде Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді болған оқиғадан кейін есеңгіреп қалғанын, қорқыныштан ештеңе хабарлай алмағанын айтқанын еске салды.

"Олар телефондары сөмкеде, ал сөмкелері көлікте болғанын айтты. Бірақ видеожазбалар басқаша нәрсе көрсетті. Олар уайымсыз, еркін жүрген. Біз олар есеңгіреп қалмағанын естідік, олар жағдайды өте жақсы бағамдай алған. Жазбаға сәйкес жігіттер куәгерлерден ешкімге ештеңе айтпауын сұрайды, яғни куәгерлер барлық ақпаратты жасырды", - деді Сәрсенбай.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети