Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовтің салықтан қалай жалтарғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовтің салықтан қалай жалтарғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Шымкентті Еңбекшіқазақ аудандық сотында Тоқтар Төлешовке Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағылды. Бұрынғы бизнесмен аса ірі көлемде салықтан жалтарды, табыс туралы хаттаманы тиісінше толтырмаған және пара берді деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметінше, бұл әрекет бірнеше рет қайталанған. Салық төлемеу бойынша іс 2008 жылы басталған. Ол кезде "Шымкентсыра" зауытының жалғыз құрылтайшысы одан 4 миллиард 328 мың теңге алған.
"Төлешов серіктестік кассасынан қыруар қаражат алғандықтан зауытта ақша жетіспеушілігі туатынын, осылайша салық та төленбей қалатынын білген. Осыдан барып салықтық есепті өткізу керек кезде Төлешовте аса ірі көлемде салық пен басқа да міндетті төлемдерден жалтару ойы туған", - деп оқыды айыпты прокурор Жасұлан Әділбайұлы.
Есепшінің және басқа да жетекшілердің көмегімен салықтан жалтарудың жолдары жасалған. Мысалы, 2011 және 2015 жылдар аралығы төленбеген салық мөлшері 271 миллион 793 мың теңге болған. Кәсіпорын өндірістің нақты көлемін жасырған. Қаржылық есептер мәліметі бойынша, ол жылдары 65 мың литр сыра өндірілген. ал бұл биліктен жасырылған. Жалпы алғанда бюджетке 66 миллион теңге төленбей қалған.
Сот алдында Төлешовтің әріптестерімен қоса, бұрынғы салық қызметкерлері де жауап беруде. Бизнесмен оларға 1000 доллардан бес миллион теңгеге дейін сыйлық беріп отырған. Сот отырысы басталысымен үш бірдей айыпталушы прокурормен процессуалдық келісім жасауға ниет білдірді. Олардың ішінде бұрынғы салықшы Мадияр Мұсаев және Төлешовтың қоластында істеген Альга Аллакулиева пен Светлана Луких.