Прокурордың балалары қызметтік көлікпен қатынай ма? Қарағандыда суретке байланысты тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурордың балалары қызметтік көлікпен қатынай ма? Қарағандыда суретке байланысты тексеріс басталды Фото: Бақтияр Омарханов / facebook. com

Қарағандылықтар прокурордың балаларын апта сайын спорт кешеніне апаратын прокуратураның қызметтік көлігінің суретін түсіріп алды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандылықтар прокурордың балаларын апта сайын спорт кешеніне апаратын прокуратураның қызметтік көлігінің суретін түсіріп алды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото Facebook желісінде жарияланды. Автор қызметтік көлік прокурордың балаларын күн сайын Қарағанды ​​қаласының оңтүстік-шығысындағы Гүлдер шағынауданында орналасқан спорт кешеніне апаратынын, көліктің қызметтен тыс басқа мақсаттарға пайдаланылатынын айтады.

"Ал жүргізуші балаларды бір жарым сағат күтеді. Осы іс бойынша тиісті шара қолданыңыздар", - деп жазады видео авторы.

Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл суретке қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның айтуынша, қазір тексеру жүргізіліп, фото мен видео қандай жағдайда түсірілгені анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети