Прокурорлар Астанадағы игерілмеген жерлерді қайтаруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар Астанадағы игерілмеген жерлерді қайтаруды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратурада игерілмеген жерлерді қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Астана қаласының прокуроры, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ, Қалалық орта сапасын бақылау басқармасының және Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылары қатысты.
Прокуратура мәліметінше, 2012 жылдан 2017 жылға дейін әкімшілікпен қалалық прокуратурамен бірлесіп 16 мың гектер көлемде 1084 игерілмеген жерлер анықталды.
"Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ондай жерлердің мөлшері 202 телімге дейін төмендетілді. Сондай-ақ игерілмеген жерлерді тартып алу туралы 12 арыз сотқа енгізілді. Бүгінде талап-арыздарды қанағаттыру туралы 2 шешім шықты", - дейді прокуратура өкілдері.
Бұдан бөлек, 514 мемлекеттік жерді өз бетімен басып алу фактілері анықталып, 201 тұлғаға қатысты заңсыз құрылыстарды бұзу туралы соттардың шешімдері шығарылғаны айтылады. Сонымен қатар, Астанада кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуды жүзеге асырған жалпы көлемі 216 га құрайтын 54 карьер есептелінеді.
Қалалық прокуратура мен әкімшіліктің бірлескен жұмысының нәтижесінде 183 бірлік техника ұсталып, сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне 85 кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табу фактілері тіркелді.
"Әкімшілік жауапкершілікке 13 тұлға тартылды. Олардан сот тәртібінде 4 млн. теңгеден астам экологиялық зардап өндірілді. Бүгінгі таңда игерілмей қалған жерлер санын қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу сұрақтары күрделі мәселе болып қалады. Жиналыстың қорытындысы бойынша күрделі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.
Ведомство мәліметінше, осы бағыттағы жұмыс Бас прокуратураның бақылауында.