Прокурорлар кафелерді сыртқы камералар орнатуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурорлар кафелерді сыртқы камералар орнатуға шақырды ©Марат Әбілов

Прокурорлар Астана кафелерін сыртқы бақылау камераларын орнатуға шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Астананың Алматы аудандық прокуратурасында астаналық көңіл көтеру орындарының жұмысы талқыланды, оған дәмхана, бар, мейрамхана өкілдері шақырылды. "Кейбір көңіл көтеру орындарында бейне жазатын құрылғылар бар, бірақ сыртта, кіреберісте жоқ. Жанжал туған кезде әуелі адамдар іште болады, кейін сыртқа шығарылады, содан соң қылмыс көшеде жасалады. Ал бұл жайт камералардың ешқайсына ешқалай ілікпейді", - дейді прокурорлар, осы себепті көңіл көтеру орнының күзет қызметі болған оқиғаларға қатысты жауапкершілікті мойнына ала бермейді. Кіреберіске орнатылған камералар полицейлерге қылмысты ізін суытпай ашуға көмектесер еді. Бұған мысал ретінде Астананың орталығындағы кафелердің бірінің алдындағы жаппай төбелесті айтуға болады. Прокурорлар көңіл көтеру орындары өкілдеріне клиенттер төбелес не дау-дамай шығарған жағдайда ондай деректерді жария етуге кеңес берді. "Меніңше, ондай жайттарды БАҚ-та кеңінен жариялау керек. Бұл нағыз алдын алу шарасы болады. Төбелес шығарғандарды көрген кезде әріптестері, туыстары, жақындары оларға: "Балам, інім, әріптесім, мұның не?" деп айтуы керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети