Прокурорлар қазақстандық автосалондарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурорлар қазақстандық автосалондарға ескерту жасады Фото:depositphotos.com

Алматылық автосалондар желісі тұтынушылар құқығын сақтамағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық автосалондар желісі тұтынушылар құқығын сақтамағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаланың бiрқатар автосалондары клиенттерге жүйелi түрде қосымша қызметтер (дабыл жүйесі, автоәйнектердi қараңғылау, төсенiштер және т.б. қосымша ақы төлеуге арналған жиынтықтауыштар) жүктеп, сол арқылы олардың құқықтары мен қолданыстағы заңды бұзып отырған", - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Алматы Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Toyota Tsusho Kazakhstan Auto ЖШС-ын 88 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салумен ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-тармағымен (монополистік қызмет) әкімшілік жауаптылыққа тарта отырып, тергеу жүргізді.

Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленген.

"Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен тұтынушыларға қосымша қызмет көрсетуге тыйым салынғанын түсіндіреді.

Егер сізге осындай бұзушылықтар туралы белгілі болса, сіз прокуратураға немесе басқа да уәкілетті органдарға хабарлай аласыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети