Кәсіпкерге қатысты ҚТЖ-ның әрекеттері заңсыз деп танылды. Павлодар көлік прокуратурасы 7 ай бойы заңды жауап ала алмаған отандық инвестордың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Кәсіпкерге қатысты ҚТЖ-ның әрекеттері заңсыз деп танылды. Павлодар көлік прокуратурасы 7 ай бойы заңды жауап ала алмаған отандық инвестордың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
"Кәсіпкер Екібастұз қаласында 2021-2025 жылдары арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде 2 миллиард теңгеден аса сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған. Кәсіпкерге жобаларды одан әрі толыққанды дамыту үшін кірме жол қажет болды.
Алайда "ҚТЖ" ҰК" АҚ және оның филиалдарының жеке лауазымды тұлғалары инвесторға оның құрылысына рұқсатты келісуден бас тартқан, ал 2023 жылдың қазанында шағын бизнеске өз қаражаты есебінен ұлттық тасымалдаушының қажеттіліктері үшін қосымша жаңа темір жол төсемін салуды талап ететін техникалық шарттарды берген", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұрын "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұқсас жағдайда осы өңірдегі 3 кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттардың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірген. Барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойған.
"Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның "ойдан шығарылған" әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды.
Прокуратура актісі бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма басшылығымен техникалық шарттарды алу кезінде қосарланған стандарттарға жол берген лауазымды тұлғалардың кінәлілік дәрежесі және жауапкершілік түрі қарастырылып жатыр. Магистральдық желі операторының мұндай заңсыз әрекеттері құрылыс материалдарының құнын арттыруға ықпал ететінін атап өтеміз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!