Прокурорлар Қызылордадағы колледждің мыңнан аса студентінен сынама алып, есірткіге сынақ жүргізді. Кейбір студенттерде сынама оң нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Прокурорлар Қызылордадағы колледждің мыңнан аса студентінен сынама алып, есірткіге сынақ жүргізді. Кейбір студенттерде сынама оң нәтиже көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, өңірде жастар арасында есірткіні ерте жастан тұтынуды анықтау аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Қызылордадағы колледж студенттері арасында наркологиялық сынама жүргіздік, барлығы 1022 наркологиялық сараптама. Барлығы өз еркімен, ата-анасының жазбаша келісімімен жасалды. Оның үшеуі оң нәтиже көрсетті. Бірақ, дәрігерлердің айтуынша, олар емделуді қажет етпейді және нашақорлар санатына жатпайды", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.
Облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының наркологиялық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлайым Сейлханова бұл үш студент тексеріліп, нәтижесі алғанын түсіндірді.
"Қызылордадағы колледждердің 2 және 3-курс студенттерінің зәрінен есірткіге қатысты талдаулар алынды, олардан есірткіні қолданудың ізі анықталды. Наркологиялық орталықтың токсикологиялық зертханасы негізінде зәрді қайталап тексеру кезінде бір студенттің талдаулары оң нәтиже берді. Жігітте марихуана шегу арқылы есірткі қолдану іздері бар. Ол өзі байқап көргенін мойындады. Қалған екеуінде теріс нәтиже. Біз оны есепке қоюға жәрдемдесу үшін облыстық білім басқармасына жүгіндік. Әзірге жауап келген жоқ. Бірақ, заң нормаларына сәйкес, біз өз бастамамызбен, егер ол кәмелетке толмаған болса, баланың заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен немесе ересек адамның өзінің келісімімен ғана тіркей алмайтынымызды атап өткім келеді", - деді Сейлханова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!