Прокурорлар Маңғыстаудағы ауылдарды сумен қамтамасыз етуге көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурорлар Маңғыстаудағы ауылдарды сумен қамтамасыз етуге көмектесті Фото:depositphotos.com

Қарақияда прокурордың актісі бойынша "Су тұщыту" зауытының құрылысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарақияда прокурордың актісі бойынша "Су тұщыту" зауытының құрылысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қарақия ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігімен инвесторға, яғни "Алека" ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауыз су өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 гектар жер учаскесі берілді.

"Қазіргі уақытта "Су тұщыту" зауытының 20 ұңғымасы қазылып, судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін, ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС ауыз сумен қамтамасыз еткен.

Прокуратура мәліметінше, жыл сайын жаз мезгілінде ауыз судың жиі болмауы тұрғындардың наразылығын тудырып келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети