Прокурорлар Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға соттауды сұрады

27 Қыркүйек 2016, 12:38
0
Прокурорлар Сейітқазы Матаевты 6 жыл 8 айға соттауды сұрады - Әсет Матаев пен Сейітқазы Матаев © Тұрар Қазанғапов
Әсет Матаев пен Сейітқазы Матаев © Тұрар Қазанғапов

Прокурорлар Сейітқазы Матаевты жазалауға қатысты қандай шараны қолдануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, таяуда Астана қаласының № 2 сотында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев және оның ұлы Әсет Матаевтың ісіне қатысты сот отырысы аяқталуға жақын.

Сотталушылардың адвокаты тергеу жұмыстарын қайта қарауға өтініш берген болатын. Алайда судья Ақболат Құрмантаев бұл өтінішті қанағаттандырмады. Сондай-ақ, Сейітқазы Матаевтың адвокаты да сотталушыларға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш айтқан. Айта кетейік, Сейітқазы Матаевқа қатысты сот отырысы 23 тамызда басталған болатын. Ал прокурорлар сотталушыларға тағылған айыптарды атап, соттың оларды кінәлі деп тануына өтініш берді.

Прокурор Ержан Құрақбаев Сейітқазы Матаевты жазалауға қатысты оның мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сейітқазы Матаевтың жеке мүлкін тәркілей отырып, кәсіпкерлікпен айналысу құқынан үш жылға дейін айыра отырып, жазасын 6 жыл 8 ай жалпыға ортақ колонияда өтесін", - деді прокурор.

Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оған қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қағанаттандырды. Адвокат Андрей Петров Матаевтың туыстарының кепілақының қажетті сомасын төлегенін және сондықтан тараптың Ұлттық бюроның өтінішін қабылдамай тастап, кепілмен босатуды сұрайтынын атап өтті. Алайда сот үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, 26 шілдеде Сейітқазы Матаевты қолдау комитеті брифинг ұйымдастырған болатын. Комитет өкілдерінің айтуынша Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы үй қамауында отыру мерзімі аяқталғанына байланысты, заңсыз отырғанын хабарлаған. Сондай-ақ брифинг барысында, істі Астана қалалық сотына жіберу де заңсыз, себебі сот Алматы қаласының Медеу ауданында өтуі тиіс.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай