07 қараша 2014 | 12:30

"Протон-М" апатына байланысты өтемақы төлеу қарашаның соңында қаралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aex.ru ©aex.ru

"Байқоңырда" "Протонның" құлауына байланысты Ресейдің өтемақы төлеу мәселесі қараша айының соңында шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Байқоңырда" "Протонның" құлауына байланысты Ресейдің өтемақы төлеу мәселесі қараша айының соңында шешіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа сілтеме жасап.

"Біздің мамандар келтірілген шығынды есептеп, оны 13,9 миллиард теңге деп бағалағанын айтқым келеді. Бірақ әдістемесі Ресеймен келісілмеді. Біздің мамандар өз әдістемесі бойынша, ресейліктер өз әдістемесі бойынша есептеу жүргізді. Сондықтан бұл мәселе бойынша ортақ мәмілеге келу үшін қараша айының соңында үкіметаралық комиссияның отырысы өтеді, онда экология мәселелері бойынша келісімге қол қойылады. Бұл отырыста осы мәселе шешіледі", - деп мәлімдеді әкім ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. Оның сөзіне қарағанда, ресейліктер шығын өтеуге дайын екенін, бірақ алдымен оның әдістемесін келісіп алуды қалайтынын айтқан. 

Еске сала кетейік, үш "Глонасс М" аппараты тиелген Ресейдің "Протон-М" зымыраны "Байқоңыр" ғарыш айлағының 81-алаңынан 2013 жылдың 2 шілдесінде ұшырылған еді. Қазақстан тарапы апаттан қоршаған ортаға келген залалды 13 миллиард теңгеден асады деп есептеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети