12 желтоқсан 2019 09:51

"Протон-М" газы: Құтқарушылардың оқу-жаттығуы ақтөбеліктерді шошытты

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар департаментінің оқу жаттығулары ақтөбеліктерді шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Төтенше жағдайлар департаментінің оқу жаттығулары ақтөбеліктерді шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, 11 желтоқсанда Хромтау ауданында "Бейбіт және соғыс мезгілінде төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе болған жағдайда басқарма органдарының апат-құтқару қызметі мен тұрғындардың әрекеті" деген тақырыпта ТЖД оқу жаттығулары өткен. 

Жаттығу кезінде "Протон-М" зымырантасығышы құлаған жағдайдағы әрекет ету шаралары пысықталған. 

"Ақтөбе облысының полиция департаменті ресми түрде 2019 жылы 11 желтоқсанда халық арасында тараған бейне мәлімдеме шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Видео ауданда 10-13 желтоқсан аралығында өтіп жатқан оқу жаттығу барысында түсірілген болатын ", - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети