Психикалық ауытқуы бар адам Астанадағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Психикалық ауытқуы бар адам Астанадағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар мектеп директорының бұйрығын алып тастауға өтініш берді. "Астана прокуратурасының өтініші бойынша қаланың мектептерінің бірінде жұмыс істейтін психикалық ауытқуы бар мұғалім қызметінен босатылды. Астана қаласындағы мектептердің бірінің директоры А. есімді азаматты 2014 жылдың 14 қыркүйегінен бастап тарих пен қоғамдық пәндердің мұғалімі қызметіне алған", - делінген прокуратураның хабарламасында.
Айта кетейік, А. есімді азамат жұмысқа орналасатын кезде психикалық ауытқуы жоқ деген анықтаманы көрсеткен. "Бірақ тексеріс барысында мұғалімнің 1980 жылдан бері қалалық медициналық мекемеде есепке алынғаны анықталды. Сонымен қатар, психиатр дәрігерлердің комиссиялық тексерісінің нәтижесі бойынша 2014 жылы бұл азаматқа "Эпилепсияның сирек пароксизма ұстамасы" диагнозы қойылған", - деді Астана қалалық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, мұндай диагнозбен білім беру саласында жұмыс істеуге болмайды
"Астана қаласының білім басқармасында А. есімді азаматты мұғалім қызметінен алып тастау туралы өтініш қабылданды. Істі талқылау нәтижесінде А. есімді азамат қызметінен босатылды. Сонымен қатар, азаматтың жалған анықтаманы қолдануы бойынша іс қалалық ІІД-не процессуалдық шешім қабылдауға жіберілді", - деді Астана қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.