Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек

i-balaqai жобасының эфирінде психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова ата-аналарға қашықтан оқыту кезінде балаларға күйзелісті жеңуге көмектесу бойынша практикалық кеңестер береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының эфирінде психология ғылымдарының кандидаты Сандуғаш Құдайбергенова ата-аналарға қашықтан оқыту кезінде балаларға күйзелісті жеңуге көмектесу бойынша практикалық кеңестер береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңестер береді. Эфир әр бейсенбі сайын сағат 20:00-де шығады.

Бүгін, 24 қыркүйекте, сағат 20.00-де Tengri TV YouTube-каналынан қараңыздар. Маман "Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек?" тақырыбын қозғайды.

Сандуғаш Құдайбергенова - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психологы және "Балажан" балабақшасының психолог-консультанты.

Эфир қонағы 2020 жылы "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" құрметті төсбелгісімен марапатталған.

Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен. 

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. I-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.

Видеосұхбат жазбасын Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети