Қазақстанға ұшып келген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Оларда ПТР анықтамасы болмаған. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанға ұшып келген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Оларда ПТР анықтамасы болмаған. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылдың 18 қазанға қараған түні Қазақстанға 14 халықаралық әуе рейсі, 1 969 жолаушы, оның ішінде 1724 жолаушы анықтамамен, ал 245-і анықтамасыз келді, оның ішінде:
1) Нұр-Сұлтанда - 6 рейс, 852 жолаушы, 717 адам анықтамамен, 135 адам анықтамасыз келді;
2) Алматыда - 7 рейс, 981 жолаушы, 885 адам анықтамамен, 96 адам анықтамасыз келді;
3) Шымкентте - 1 рейс, 136 жолаушы, 122 адам анықтамамен, 14 адам анықтамасыз келді;.
Қазақстан азаматтарының 87 пайызы ПТР анықтамасын алған. Олар елге халықаралық әуе рейстерімен келген.
"ПТР анықтамасы жоқ 245 жолаушы екі күнге карантинге жіберілді. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында коронавирустың бар-жоғына ПТР-тестін тапсырады", - дейді Сәдуақас Байғабұлов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!