13 шілде 2020 16:12

Пульмонолог коронавирус жұқтырғандарды емдеу хаттамасы неге үнемі өзгеретінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу бойынша ұсыныстар неге өзгере беретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды емдеу бойынша ұсыныстар неге өзгере беретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирус жоғарғы тыныс алу жолдарын ғана зақымдамайды. Коронавирус ринит немесе фарингитты ғана тудырған жағдайлар бар. Ал төменгі тыныс алу жолдарына түссе, онда пневмония дамиды. Шын мәнінде аурудың клиникалық көрінісі бұл басқаша пневмония екенін көрсетеді. Өкпенің тамырлары, қыл тамырлары (капилляр) қабынады, қан қоюланады. Сондықтан науқастарда ентікпе пайда болады. Оларға ауа жетіспейді. Күрделі жағдайда науқаста өткір респираторлы дистресс синдромы пайда болады. Дәрігерлер оларды тыныс алдыру аппаратына қосуға мәжбүр", - деп түсіндірді Қасенова ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы - бүкіл әлем үшін жаңа ауру, сондықтан ол бойынша тұрақты білім жоқ.

"Біз алып жүрген білім үнемі жаңарып отырады. Бұрын мұндай ауруды білген жоқпыз. Дәрігерлер үнемі мидағы ақпаратын жаңартып отырады. Бұл коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттамалар жиі өзгеретіндіктен. Тіпті Қазақстанға келген мәскеулік дәрігерлер тобы да клиникалық хаттамалары мен ұсыныстары уақытша екенін айтты. Оларда да осы ұсыныстардың сегізінші нұсқасы дайындалып жатыр. Біз бұл ауру туралы ойға келмеген және қазір пациенттерімізден байқап жүрген көп жаңа нәрсені үйреніп жатырмыз. Осыған байланысты науқастарды емдеу тактикасына диагностика жасау жолдары өзгереді", - деп түсіндірді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети