30 қыркүйек 2014 | 19:20

Путин екі елдің аймақтары ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің шектесіп жатқан аймақтары ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан. Бұл туралы ол Атырауда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің шектесіп жатқан аймақтары ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атыраудан. Бұл туралы ол Атырауда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында мәлімдеді.

"2013 жылы екі жақты тауар айналымы 6 есеге артып, 26,5 миллиард долларға жетті. Қазақстан экономикасына салынған Ресей инвестициясы 10 есеге дейін өсті. Ресей тарапынан белсенділік танытып отырған Татарстан мен Челябинск, Свердлов облыстарын атап өтсек болғандай. Бұл аймақтардың Қазақстанмен арадағы сауда-саттық көрсеткіші миллиард доллардан асады. Одан бөлек екі елдің аумағында 11 мыңнан астам біріккен кәсіпорын жұмыс істейді", - деді ол.

Путиннің сөзіне қарағанда, екі елдің экономикалық қарым-қатынасында шекаралас аймақтардың орны ерекше. Қазақстан мен Ресей әлем бойынша құрлықтағы шекара сызығы ең ұзын мемлекеттер. Оның ұзындығы 7600 шақырым. Екі елдің шекарасы бойында Ресейдің 12, ал Қазақстанның 7 аймағы орналасқан. Бұл өңірлер жалпы тауар айналымның 40 пайызына ие", - деді Ресей президенті.

Ол сондай-ақ, 2013 жылы Ресей территориясы арқылы 18 миллион тонна қазақ мұнайы сыртқы нарыққа шығарылғанын атап өтті. "Ал биыл Ресей Қазақстан арқылы ҚХР-ға шикі мұнайын экспорттауды жолға қойды. Сол себепті шекаралас аймақтар осындай мүмкіндіктерді пайдаланулары керек. Біз оған қолғабыс етеміз", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети