Путин, Лукашенко және Жээнбеков Назарбаев орденімен марапатталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин, Лукашенко және Жээнбеков Назарбаев орденімен марапатталады

Владимир Путин, Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбековтар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин, Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбековтар "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен наградталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. 

"Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюдың 5 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен наградталсын:

Путин Владимир Владимирович - Ресей Федерациясының президенті

Лукашенко Александр Григорьевич - Беларусь Республикасының президенті

Жээнбеков Сооронбай Шарипович - Қырғыз Республикасының президенті", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығында. 

Тұңғыш Президент орденімен елдің қалыптасуына, өркендеуіне және даңқына ықпал ететін мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары марапатталады.

29 мамырда Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың төрағалық етуімен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, сондай-ақ Армения премьер-министрі Николай Пашинян қатысады.

Сонымен қатар, Молдова президенті Игорь Додонның ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның құрметті қонақ ретінде қатысуы күтіледі. 

Бұған дейін ресейлік БАҚ өкілдері Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО құрметті төрағасы қызметін атқара алады деп хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети