Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған терактіге байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

"Бүгін, 9 маусымда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні белгіленгендіктен президент Путин Қазақстан президенті Назарбаевқа Ақтөбе қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқан әскерилер мен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Тағы да қайталаймын: біздің қазақстандық жолдастарымыз бүгін ұлттық аза тұту күнін белгілегендіктен", - деді Песков.
Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.