Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Путин Назарбаевқа Ақтөбеде болған терактіге байланысты көңіл айтты

09 Маусым 2016, 17:57
0
Владимир Путин. © РИА Новости
Владимир Путин. © РИА Новости

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ақтөбеде болған терактіге байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

"Бүгін, 9 маусымда Қазақстанда ұлттық аза тұту күні белгіленгендіктен президент Путин Қазақстан президенті Назарбаевқа Ақтөбе қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқан әскерилер мен бейбіт тұрғындардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Тағы да қайталаймын: біздің қазақстандық жолдастарымыз бүгін ұлттық аза тұту күнін белгілегендіктен", - деді Песков.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай