Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы жағдай жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы жағдай жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген отырыстан кейін Ақордада баспасөз мәслихатын өткізді. Путин сыртқы конъюнктураға және валюталардың тұрақсыздығына қарамастан сауда-экономикалық әрекеттестіктің жоғары қарқынының сақталғанын атап өтті. Ол біріккен кәсіпорындардың сәтті жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Бізде Каспийден бірлесіп мұнай алудан үлкен жоспарлар бар. Біз Каспий теңізінің түбінің солтүстік бөлігін бөлу туралы 1998 жылғы келісімге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы құжатқа қол қойдық. Бұл арқылы компаниялар Орталық құрылымындағы ірі көмірсутек кенішін меңгеруге кірісе алады. 2000 жылдан бері елдеріміздің арасында энергиялық жүйе синхронды режимде функция атқарып келеді, Қазақстан мен Ресейдің ортақ электр энергиясы нарығы бағдарламасы жасалып жатыр. Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясын кеңейту және қайта құрылымдау бойынша жоба қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр", - деді Путин.
Ресей президенті келіссөздер кезінде әлемдік маңызды және өңірлік мәселелердің талқыланғанына назар аударды. "Мен Нұрсұлтан Әбішұлын норманд төрттігі кездесуінің негізгі қорытындыларынан хабардар еттім, сонымен қатар, Сириядағы жағдайдың дамуы мен бұл елдегі террорлық белсенділікті басу бойынша әрекеттерімізді айтып бердім. Біз Назарбаевтың бірінші кезекте ислам елдеріндегі терроризммен күреске күш салу туралы ұсынысын қолдаймыз", - деді Путин.
Ресей президенті Назарбаевқа және қазақстандытарға қонақжайлығы мен кеңейтілген құрылымдық мәселелерді талқылауға ұсыныс жасағаны үшін алғыс айтты.
Мұнымен қатар, Ақордада ресейлік тілшілер Владимир Путинге сириялық жағдай бойынша АҚШ-тың сын айтуы жайлы сұрақ қойды.
"Ресейдің Сириядағы халықаралық терроризмімен күрес бойынша әрекеттерін америкалық серіктестеріміздің саяси реттеу сияқты маңызды бағыт бойынша тікелей диалогтан бас тарта отырып, қалайша сынап жатқанын түсініңкіремеймін. Бұл позиция конструктивті емес. Бұл жағдайда америкалық позицияның әлсіздігінің негізі - бұл мәселелерге қатысты қандай да бір күн тәртібінің жоқтығы шығар. Сөйлеуге тақырып таппай қалғандары шығар. Алайда біз есіктерімізді айқара ашық қалдырамыз және осы күрделі процесстің барлық қатысушыларымен, оның ішінде америкалық әріптестерімізбен конструктивті диалог жүргізуге үміттенеміз", - деп атап өтті Путин.