Ресей президенті Владимир Путин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиямен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты, - дер хабарлайды РИА Новости.
Ресей президенті Владимир Путин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркиямен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі үшін алғыс айтты, - дер хабарлайды РИА Новости.
"Сіз Ресей-Түркия қарым-қатынасын қайта қалпына келтіру туралы айттыңыз. Осыған байланысты аралық миссияңызды ойлап, жасаған амалдарыңыз үшін алғыс айтамын. Көріп отырғанымыздай, қарым-қатынасымыз жақсарды", - деді Путин Назарбаевпен кездесуінде.
Назарбаев өз кезегінде Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасының қалпына келуін қолдайтынын айтты.
"Бұл қарым-қатынастар Қазақстанға әсер етті. Өзіңіз білесіз, біздің де олармен байланысымыз бар. Сол қақтығыста біз Ресейдің ұстанымын нақты ұстандық және осыған байланысты менің қандай да бір көмегім болса, бұл өте жақсы", - деді Назарбаев.