Путин Назарбаевтың "бірқатар сұрақпен" телефон шалғанын еске алды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин Назарбаевтың "бірқатар сұрақпен" телефон шалғанын еске алды Фото: elbasy.kz

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен интеграция туралы келіскен әңгімелерін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен интеграция туралы келіскен әңгімелерін еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлестік құруға бастамашы болғанын мәлімдеді.

"Ресейдің таяу болашақтағы басымдықтары туралы сұрап, қоңырау шалғаны есімде. Қазақстан үшін де, Ресей үшін де интеграциялық бірлестік құру туралы келістік, бұл туралы бұрын да айтқанбыз және оған Беларусь та, Украина да қосылуға дайын еді. Бірақ Украинамен бұл жоспар іске аспады, дегенмен Украинаның сол кездегі басшылығы сондай ниет білдірді", - деп еске алды Путин.

Ол "Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бұл процесс дами бастағанына" назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде мемлекет басшылары мұның дұрыс жасалғанын біліп отыр.

ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің президенттері де Назарбаевқа ризашылығын білдірді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, Еуразиялық интеграцияны дамытудағы ерен еңбегіңізді жалғастыра беріңіз, табыс тілейміз", - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Құрметті төраға болғаным үшін алғыс білдіремін. Қызмет етуге дайынмын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети