Путин: Қазақстан жағынан жол салынған, ал біздің жақта жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин: Қазақстан жағынан жол салынған, ал біздің жақта жоқ © superomsk.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы сауда-саттықты тежеп тұрған себептерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы сауда-саттықты тежеп тұрған себептерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Путиннің сөзінше, қазіргі таңдағы Ресей жағынан жолдың болмауы және Қазақстанмен шекарадағы өткізу пункттерінің тарлығы екі ел арасындағы сауда қатынастарын тежеп отыр.

"Ресей мен Қазақстан өзара сауда-саттықты либерализациялау мәселесі бойынша біршама ілгеріледі. Еуразиялық экономикалық одақтағы өзге серіктестермен біріге тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысына бөгет болатын шектеулерді біртіндеп жойып жатырмыз. Дегенмен ондай мәселелер көп. Мен қазір ғана Нұрсұлтан Әбішұлына кешегі Орынборда өткен ресейлік бизнес өкілдерімен кездесуім жайлы айтып отырғанмын. Біз баяғыда шешіп қойғанбыз деп ойлаған дүниелер бар. Бұл тауар, қызмет пен капитал қозғалысына бөгет болатын тек инфрақұрылым мәселелері. Шекарадан асуға байланысты қарапайым жайлар. Бізде шекара да жоқ десе болады. Жоқ, ол бар екен, шектеулер де бар, соның ішінде инфрақұрылымдық шектеулер", - деді Путин Астанада өтіп жатқан форумда.

"Міне, Нұрсұлтан Әбішұлы біледі, аз ғана болып кездескен ортада айтылды. Қазақстан жағынан жол салынған, біздің жақтан, өкінішке қарай, әлі жоқ. Өткізу пункттері де толықтай жұмыс істей алатындай емес, тар болып тұр", - деп айта кетті ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети