Путин Тоқаевқа телефон соқты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түскен.

"Ресей президенті Владимир Путин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Италия президенті Серджо Маттарелла, Корея Республикасының президенті Мун Чже Ин, Сербия президенті Александр Вучич, Украина президенті Владимир Зеленский, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения президенті Армен Саркисян, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова президенті Игорь Додон, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, бұдан бөлек Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко,  ТМД атқарушы хатшысы - атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Станислав Зась, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған жеделхаттар толассыз келіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан президенті 67 жасқа толды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course down  588.21  course down  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro