Путиннің баспасөз хатшысы Ақтаудағы ұшақ апатының есебіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің баспасөз хатшысы Ақтаудағы ұшақ апатының есебіне қатысты пікір білдірді Фото: ТЖМ

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу туралы есепке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеу туралы есепке пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Песков Ресейдегі тиісті ведомстволар Қазақстанның Көлік министрлігінің тергеу туралы алдын ала есебін мұқият зерттейтінін мәлімдеді.

"Бұл - алдын ала есеп. Әрине, біздің тиісті ведомстволарымыз оны мұқият зерттейді. Президент әкімшілігінен бұл тақырыпқа пікір білдіру мүмкін емес деп санаймыз", - деді ол.

Ал Росавиация Ақтау маңында құлаған Azal ұшағындағы бөгде заттарды анықтау мүмкін болмағанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Көлік министрлігінің есебі экипаждың өзі қону үшін Ақтау әуеайлағын таңдағанын және Махачкала мен Минводқа қону туралы ұсынысты пайдаланбағанын растаған.

Айта кетейік, 2025 жылы 4 ақпанда Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің алдын ала нәтижелері жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети