Путиннің баспасөз хатшысы Ресей телеарнасындағы Қазақстанға қатысты мәлімдемелерге жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путиннің баспасөз хатшысы Ресей телеарнасындағы Қазақстанға қатысты мәлімдемелерге жауап берді

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік телеарналарда Қазақстанға қатысты айтылған даулы мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік телеарналарда Қазақстанға қатысты айтылған даулы мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан "Россия 1" телеарнасындағы "Вечерний Владимир Соловьев" бағдарламасында айтылған мәлімдемелер Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады.

"Бұл - саясаттанушылардың пікірі. Ол пікір үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ", - деді Песков.

Песковтың айтуынша, әртүрлі адамдар бар, олардың көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ.

Еске салайық, Ресейдің "Россия 1" телеарнасындағы бағдарламада сарапшылардың бірі "Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема - Қазақстан" екенін айтқан. Бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети