Қадір түнін үйде де күтуге болады - Имам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қадір түнін үйде де күтуге болады - Имам Алматының орталық мешіті. © Muftyat.kz

Қадір түнін (Ляйлятуль кадр, Laylat al-Qadr) мешітте ғана емес, үйде де күтуге болады, - деп хабарлайды Аzan.kz. Бұл туралы Алматы мешітінің имамы Еркінбек Шоқай айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қадір түнін (Ляйлятуль кадр, Laylat al-Qadr) мешітте ғана емес, үйде де күтуге болады, - деп хабарлайды Аzan.kz. Бұл туралы Алматы мешітінің имамы Еркінбек Шоқай айтты. 

"Құрметті жамағат! Денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша қаламыздағы менингит инфекциясының азайғандығы, минингококк вирусының өршуі тоқтап, бір қалыпқа түскендігі белгілі. Сондықтан да, бүгінде қорқыныш сейілді, алаңдаушылыққа жол жоқ. Десек те, денсаулық Алла Тағаланың аманаты болғандықтан оған немқұрайлы қарауды шариғат құптамайды. Егер сол түні мешіттерде болған біреудің денсаулығы сыр беріп, әлсіздік байқалса дереу үйіне қайтып, жедел жәрдем шақырып дәрігерлерге қаралуы қажет. Қадір түні құлшылығын тек мешітте ғана емес, үйде жасауға да болады. Дұғаның қабыл болуы үшін қай жерде болғаныңыз емес, ықыласты болу маңызды", - дейді имам.

Қадір түні Қасиетті құранға арналған түн. Muftyat.kz сайтында осы түнге қатысты өзекті жеті сұраққа жауап жазылған. 

"Қадір түні - Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн - Қадір түні болуы ең ықтимал түн", - делінген мәтінде.

"Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети