Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды Қадырхан Отаров. ©Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қадырхан Отаров Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ең алдымен Отаров Қадырхан Махмұтұлын Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. 22 қазан күнгі өкімге қол қойдым. Келешекте Сізбен өңір игілігі үшін нәтижелі еңбек атқарамыз деп үміттенемін", - деді облыс әкімі Сергей Кулагин өңірде өткен кеңес барысында.

Отаров 2014 жылдың маусымынан бастап облыс әкімінің орынбасары лауазымында болған. Оған дейін - 2012 жылдың қаңтарынан бастап ол ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. Кейін Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болды.

Ол еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысында зоотехник-селекционер болып бастады. Бас зоотехниктен Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейін жоғарылады. 1994 жылдың мамырында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 1999 жылдың қарашасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2010 жылдың сәуірінде облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети