Қайрат Келімбетов банктерден несие алмауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов банктерден несие алмауға кеңес берді Фото ortcom.kz сайтынан алынды

Қайрат Келімбетов ел азаматтарына несие алмауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов ел азаматтарына несие алмауға кеңес берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

"Негізінен, ел азаматтарына мүмкіндігінше банктерден несие алмауға кеңес берген болар едім. Рас, ешкім де несиені жайдан жай алмайды. Қандай да бір қажеттілік туындаған соң, сондай қадамға барады. Десек те, егер алған қаражатты қайтаруға толық көз жеткізу мүмкіндігі болмаса, әрине, несиеге жоламаған дұрыс. Қазір бізде баспананы ипотекаға алған қазақстандықтардың шамамен 15 пайызы төлеуге қабілетсіз. Мәселен дамыған елдерді алып қарасаңыз, онда халықтың 70 пайызы арендалық үйлерде тұрып келеді. Ол жақта өзі тұратын үйге иелік ету деген түсінік жоқ", - деді Ұлттық банк төрағасы.

"Біз зейнеткерлердің өзі миллион доллар несие алғанда таң қалып отырамыз. Менде мынадай қарапайым ғана сұрақ бар: неге сүйеніп олар ондай ірі сомманы алды, алмақтың да салмағы бар емес пе? Және банкке де бір сұрақ: "Сіздердің тәуекел-менеджменттік жүйелеріңіз не ойлаған, Құдай сақтасын, егер зейнеткерге бір жағдай болса, не істейсіздер?", - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Ал тұтыну несиесіне қатысты Қайрат Келімбетов былай деді: "Онда ең бірінші айлықтан айлыққа дейінгі жағдай ескеріледі. Әрине, әр отбасы мен адамда несиені уақытша төлеп тұра алатын мүмкіндік бар. Тіпті несиені жауып тастай алады да. (...) Бірақ олар несиені өте жоғары пайызбен алады, мұны ешқашан ұмытпау керек. Енді сұрақ: "енді осы сіздерге керек пе?", - деді Ұлттық банк төрағасы.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети