Қайрат Сарыбай Австрияға елші болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Сарыбай Австрияға елші болып тағайындалды Қайрат Сарыбай. Фото ©Мансұр Хамит

Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Қайрат Сарыбай Австриядағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Енді ол Астана мен Вена арасын жалғайтын алтын көпір болмақ. Ұзақ жылдардан бері президенттің қасында жүріп лауазымды қызметтерді атқарған Қайрат Сарыбай мырза Ақорда баспасөз қызметіне жетекшілік еткен. Одан кейін Түркия мен Германиядағы Қазақстан елшісі қызметінде болды. Мемлекет басшысының халықаралық байланыс жөніндегі көмекшісі бола жүріп Сыртқы істер министрінің орынбасарлығына тағайындалған ол екі баланың әкесі. Қайрат Сарыбай Сыртқы істер министрлігіндегі мемлекеттік тілді еркін білетін басшы ретінде де танымал. Өткен жылдың соңынан таман Оңтүстік Африка республикасына мемлекет басшысының сапарын ұйымдастыруды реттеуге барып қарақшылардың қолына түсіп қалған еді. Абырой болғанда Қайрат Сарыбай еш қысым көрмей серіктерімен бірге босап шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети