Қайыр Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жыртқыштар дүниесі комитетінің төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайыр Рыскелдинов Орман шаруашылығы және жыртқыштар дүниесі комитетінің төрағасы болды

Қайыр Рыскелдинов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарының Орман шаруашылығы және жыртқыштар дүниесі комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайыр Рыскелдинов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарының Орман шаруашылығы және жыртқыштар дүниесі комитетінің төрағасы болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Экология, геология және табиғи ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиевтың бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарының Орман шаруашылығы және жыртқыштар дүниесі комитетінің төрағасы болды", - делінген хабарламада. 

Рыскельдинов Қайыр Өмірсадықұлы 1968 жылы 26 сәуірде дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары. 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын "мал дәрігері" мамандығы бойынша, 2008 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Фемида заң академиясын тәмамдаған. 

1986-1989 жылдар аралығында "Энергия"колхозында жұмысшы болып жұмыс істеді. 1989-1994 жылдары Алматы зооветеринарлық институтында мал дәрігері болды. 1994-1996 жылдары "Байторы" ӨК бас мал дәрігері.
1996-1998 жылдары Алматы облысы ІІБ-да қызмет атқарды. 1998-1999 жылдары Республикалық ветеринариялық зертханада жетекші маман болып жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары "ветеринариялық зертхана" РМК директорының орынбасары. 2001-2003 жылдары "Орталық ветеринариялық зертхана" РМК Ақмола облыстық филиалының ветеринариялық зертханасының директоры қызметін атқарды.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Зеренді аудандық аумақтық басқармасының бастығы. 2004-2007 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2007-2012 жылдары Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2012-2018 жылдары Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі болды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

"Құрмет" ордені, "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медальдары бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети