Қала ішінде ұсталған сілеусін жол-көлік оқиғасына себеп болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала ішінде ұсталған сілеусін жол-көлік оқиғасына себеп болған

Өткен жылдың желтоқсанында балабақша маңынан ұсталған сілеусін оның алдында жол-көлік оқиғасына себеп болған. Жабайы жыртқыш аяқасты жол үстіне жүгіріп шыққан уақытта таңырқаған жүргізуші көлігін игере алмай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© Өскеменнің сол жақ жағалауындағы қорық мұражайы

Желіде автокөліктің видеотіркеуіш құралына түсірілген видео пайда болды. Жол үстінде сирек аңды көріп қалған жүргізуші абайсызда қайғылы оқиғаға душар бола жаздайды. Жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, келе жатқан жол талғамайтын көлікке соғылып қала жаздаған. Видео авторының сөзінше, бұл оқиға сілеусіннің табылмаған кезінде болған.

Зообақ қызметкерлерінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде жыртқыш аңның жағдайы жақсы. Ол басқа сілеусіннің қасына қосылады. Әзірше оның жынысы анықталмағандықтан, жабайы аңдардың арасын темір тор бөліп тұр. Бұл жыртқыш аңның жол үстінде қалай пайда болғаны әлі белгісіз. 

Еске салайық, сілеусін аланы облыс орталығында желтоқсан айында пайда болған. Зообақ қызметкерлері полициямен біріге отырып, жабайы аңды қолға түсірген. Сілеусінге оны ұстауға көмектескен полицейдің есімін беретін болып шешілген еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети