Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA титулына үшін басты үміткер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA титулына үшін басты үміткер атанды © tengrinews.kz

Аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының журналисі Хави Толедо келесі жылы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) аргентиналық  Брайн Кастаньомен (14-0, 10 KO) жұдырықтасуы мүмкін екендігін жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының журналисі Хави Толедо келесі жылы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) аргентиналық  Брайн Кастаньомен (14-0, 10 KO) жұдырықтасуы мүмкін екендігін жазды. 

"Эрисланди Лара мен Деметриус Андраде орта дивизионға өтіп жатыр. Меніңше, бұл Брайан Кастаньо үшін вакантты жүлдені иелену үшін жақсы үміт. WBA рейтингінде ол көш бастап тұр. Оның артында Қанат Ислам тұр. Сөзсіз олар 2018 жылы кездесуі мүмкін. Менің ойымша, Ислам оған негізгі қарсылас болып тұр. Ол мықты әрі техникалық тұрғыдан өте керемет өнер көрсетіп жүр, сонымен қатар ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Оның тәжірибесі мол, сол себепті де қауіпті қарсылас. 

Менің пайымдауымша, бұл жағдай көптеген боксшылар үшін жақсы мүмкіндік. Кастаньоның басты қарсыластары: Қанат Ислам, америкалық Джон Вера және ресейлік Хусейн Байсангуров", - деді Толедо. 

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір аргентиналық тілші Армандо Мендоза алдағы уақытта Қанат Ислам мен Брайн Кастаньо кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын.

28 жастағы Кастаньо WBA рейтингінде Қанат Исламнан бір саты жоғары орналасқан. Бірақ басқа барлык рейтингте қазақстандық боксшыдан төмен тұр. Соңғы кездесуін ол 1 шілде күні Аргентинада өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша франциялық Мишель Сороны (30-2-1, 20 KO) жеңді.

Қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы суперчемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға (24-2-2, 14 KO) тиесілі. Ал WBA белбеуі америкалық Деметриус Андрадеге (24-0, 16 KO) тесілі еді. Бірақ ол белбеуін бас тартып, орта салмаққы өтті. Ал Лара болса алдағы уақытта орта салмаққа ауысуды ойластырып жүр.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети