Қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша жүр - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша жүр - ҰҚК © REUTERS

Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Комитеттің отырысы барысында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймақтарында шамамен 250 қазақстандық азаматша жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков Комитеттің отырысы барысында айтты.

"Кетіп жатқандардың басым бөлігі әйелдер, әрине, олар күйеулерінің соңынан кетеді. Қазақстан аумағында осы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар бар. Қақтығыс болып жатқан аймақтарда қазақстандық әйелдердің жүргені жайлы мәліметтер бар. Біз олардың әрекеттеріне қылмыстық құқық тұрғысынан баға береміз. Елімізге оралған жағдайда олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деді Білісбеков.

Сириядан оралған қазақстандық әйел: Бомбалау кезінде жертөледе жасырындық

Мұның алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты үндеу жасаған еді. 

"Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. (...) Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз. (...)", - деген еді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети