"Қара берет". Президент күзеті қандай сынақтардан өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қара берет". Президент күзеті қандай сынақтардан өтеді? © Tengrinews.kz

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің "Қара беретін" алудағы нормативтерді тапсыру сәті журналистерге тұңғыш рет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің "Қара беретін" алудағы нормативтерді тапсыру сәті журналистерге тұңғыш рет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МКҚ өкілдерінің айтуынша, "Қара берет" ереше белгісін алу үшін сынақтан өту 2007 жылы енгізілген. Жыл сайын әрбір қызметкер өз шеніне қарамастан норматив тапсыруға өтінім түсіре алады. 2008-2016 жылдары аралығында 183 үміткер қатысқан, оның 34-і ғана ерекше белгіні иеленген. 

Мемлекеттік күзет қызметінде танымал "крап" береттеріне қарағанда тек физикалық тұрғыдан мықты болу аздық етеді, мұнда теориялық білім, заңнаманы білу және құпия іс жүргізуде мықты болу қажет. 

Биыл 39 қызметкер қатысты, оның 11-ғана нормативтің екінші кезеңіне жіберілді. 

Екінші кезеңде бірнеше тапсырма бар. Онда: белгіленген уақыттың ішінде 5 шақырымды жүгіріп өту, автомат және тапаншадан оқ ату, газға қарсы құрылғыны киіп, 300 метр жүріп өту, су үстінен аспалы жолмен 40 метр жүріп өту, жараланған солдатқа көмек көрсету, үш минуттан үш рет жекпе-жекке шығу.

Қорытындылай келе 11 адамның ішінде Мемлекеттік күзет қызметінің 11 қызметкері және бір әскери қызметкер "Қара берет" ерекшеленген белгісін иеленді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети