Қарағанды мен Павлодар облыстарында көлік жолдары әлі жабық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды мен Павлодар облыстарында көлік жолдары әлі жабық ©РИА Новости

Қарағанды мен Павлодар облыстарында қар мен боранға байланысты жолдағы қозғалыстарға енгізілген шектеу сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды мен Павлодар облыстарында қар мен боранға байланысты жолдағы қозғалыстарға енгізілген шектеу сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында осымен үшінші күн Ботақара - Керней - Үміткер - Баянауыл - Қалқаман автожолында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл автожолдағы шектеу қар, боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты 10 наурызда сағат 21.00-де енгізілді. Ботақарадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі 0-93-шақырымдардағы учаскелері жабылды. 12 наурыз сағат 20.00-ден бастап Екатеринбург - Алматы тас жолының Қарағандыдан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі 1492-1612-шақырымдардағы учаскелерінде қатты жел мен көктайғаққа байланысты жүк және қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Павлодар облысында 12 наурыз күні сағат 11.30-да Ботақара - Керней - Үміткер - Баянауыл - Қалқаман автожолының Қарағанды облысының шекарасынан Баянауылға дейінгі 93-187-шақырымдардағы учаскелерде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұған Қарағанды облысында ауа райының бұзылуы себеп болды. Сонымен қатар, бұған дейін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана - Ерейментау - Шідерті тас жолдары жабылған еді. Сондай-ақ, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейінгі жолдың учаскелері де жабылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети