Қарағанды облысында 180 автокөлік пен 20 автобус қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 180 автокөлік пен 20 автобус қар құрсауынан құтқарылды Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі жолдаған сурет

Қарағанды облысында 23-24 желтоқсан аралығында 180 көлік, олардың арасында 150 жеңіл автокөлік пен 30 жүк көлігі және 20 автобус қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстағы автожолдардағы ахуал нашарлап, "112" желісіне барлығы 5000 хабар келіп түскен. 

23 желтоқсан күні күндіз Алматы - Екатеринбург тас жолында автобус қар құрсауында қалып, ондағы 26 адам құтқарылды. Ал Жезқазған - Петропавл - Жезді - Қарсақбай - Байқоңыр - Қоскөл автожолында 6 жеңіл автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 10 адам эвакуацияланды, сонымен қатар, Киевка - Осакаровка жолында 1 жеңіл автокөліктен 1 адам құтқарылды.

Қарағанды - Тоғызқұдық - Ботақара тас жолында - 3 адам, Қызылорда - Павлодар жолында 7 көлік пен 14 адам құтқарылды. Просторное - Жарық - Ақсу - Аюлы - Ақтоғай - Балқаш автожолынан 37 шақырым қашықтықта 8 автокөлік қар астында қалып, оларды құтқарушылар алып шықты. Сонымен қатар, Октябрь ауданында, "Сұңқар" астық кешеніне жақын маңда қар құрсауында қалған автокөліктен 2 адам эвакуацияланды.

Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі жолдаған суреттер

Сонымен қатар, 24 желтоқсан күні сағат 10.00-де Қарағанды облысындағы автожолдарда шектеу алып тасталынды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети