Қарағанды облысында апаттың алдын алуға әскерилер кірісті

Қарағанды облысында апаттың алдын алуға әскерилер кірісті ©ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қарағанды облысында апаттың алдын алуға әскерилер кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
"Қарағанды облысының Көкпекті, Киевка, Қарағайлы, Талапкер ауылдық аймақтарында жергілікті атқару органдары және төтенше жағдайлар бөлімшелерімен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де апаттың алдын алу шараларына жұмылдырылып жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында. 
Реклама
Реклама
 
Сонымен қатар, баспасөз өкілдерінің айтуынша, әскерилер бұл елді мекендерге Ұлттық ұланның Алматы, Қарағанды қалаларында орналасқан "Оңтүстік", "Орталық" өңірлік қолбасшылықтарынан келіп жетті. Әскерилердің күшімен қазіргі таңда қар суын бөгеу, су арналарын тазалау және жаңа арналар жүргізу, елді мекендердегі қалың қарды сыртқа тасу, су бөгейтін қапшықтарға құм толтыру сияқты дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде.
 
Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының алты ауылы мен бір қаласын еріген қар суының басып қалғаны хабарланған болатын. Осыдан кейін тасқын жағдайы еліміз бойынша Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының барлық аудандарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында сақталып отырғаны белгілі болды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама